Жас кәсіпкер 2 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант иегері атанды - Қызылорда
Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Инновациялық жобалардың жүзеге асуы аясында ауданда жаңадан 3 жұмыс орны ашылатын болады. Шынахметов Рахымжан Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалынан бірнеше мәрте келіп, грантқа қатысу тәртібі мен талаптары бойынша кеңестер алған. Міне енді соның нәтижесін көріп отыр.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алуға конкурс жариялаған болатын. Гранттық қаражат - бастауыш кәсіпкерлерге инновация бағытында ерекшеленетін және жаңашыл жобаларға қайтарымсыз негізде және кепілзатсыз беріледі. Өз жобасын конкурсқа ұсынуға талаптанған әрбір кәсіпкер ақысыз негізде өткізілетін «Бизнес-Кеңесші» оқыту жобасынан өтуі тиіс. Сонымен қатар, бастауыш кәсіпкердің жобаны жүзеге асыруға, оның толық құнының 10 пайыздық өз үлесі болуы шарт.