Атап өтерлігі, редакция қазақстандық ғалымның соавторлық жұмысын журнал мұқабасына шығарған.
Оқу орнының жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, жас ғалым Болат Оралбеков «Growth of the complex borates YxRySc2 z (BO3)4 (R= Nd, Pr, x y z= 2) with huntite structure» мақаласының авторларының бірі.
Бұл журнал SCIMago Journal Rank әлемдік ғылыми журналдар рейтингісі бойынша үздік басылымдар қатарында.
Ресей және француз ғалымдарымен бірігіп жазылған мақалада күрделі бораттардың белгісіз құрылымдармен синтезі туралы жазылған.
Мұндай қосындылар лазерлік технологияда қажетті оптикалық құрылғылар үшін пайдаланылуы мүмкін.
«20 шақты жұмыстың ішінен журнал мұқабасына (cover picture) дәл осы мақаланың шығуы мұндай технологияның химия саласына қосар үлесінің қомақтылығын көрсетеді. Соңғы 2 жылда химия кафедрасының қызметкерлері материалтану бойынша бейорганикалық кристалдардың өсуі туралы бірқатар ғылыми материал жариялап үлгерді», - деді баспасөз қызметінен.