19 жастағы Ига Ясика (Iga Jasica) ота аяқталғанша оянып кеткен. Оның бас миы ашық күйінде болды. Хирургтардың пікірінше, бұл күйіндегі әңгімелесу оның денсаулығына еш қауіп төндірген жоқ. «Оған ешқандай қауіп төнген жоқ», - деп мәлімдеді бойжеткенге ота жасаған профессор Давид Лариж (Dawid Larysz). Бойжеткен бұл кезде дәрігерлермен сүйікті мысықтары туралы әңгімелескен.