«Мемлекет басшысының «Жастар жылының» ашылуы кезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында 2019 жылға Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың жалдамалы пәтер құрылысына 7,2 млрд теңге қарастырылды. Осылайша, жас мамандар үшін 3 жылда 3 мың пәтердің құрылысына 21,6 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді Роман Скляр.
Министрдің айтуынша, бюджетке қатысты барлық мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады және Мәжілістің қарауында.
Айта кетейік, Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатындығын айтқан еді.