Шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтеді. Байқаудың мақсаты - жас орындаушылардың өнерін жан-жақты дамыта отырып, насихаттау.
Байқауға республикамыздағы дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің оқушыларымен ТМД елдерінің дарынды балалары қатысады. Конкурстың ашылуы Қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясында басталады. Сонымен қатар, қараша айының 5-6 жұлдыздарында мектеп интернаттың 50 жылдық мерей тойына арналған «Өткен және қазіргі заман мәнмәтініндегі қазақ музыка өнері» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға елімізбен бірқатар шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы педагогика мен өнертану ғылымдарының танымал зерттеуші ғалымдары қатысады.