Аталған жоба тұрғындарға әлеуметтік қолдау ретінде ұйымдастырылды. Атырау облыстық «Zhas projects» жобасының үйлестірушісі Айжан Аралбекованың айтуынша, бизнес-жоспарлардың 212-сі – ауылдарда, 45-і қалаларда іске асырылады.
«Грант ұтып алған қатысушылар өз істерін аспаздық, шаштараз, тігін шебері сияқты басқа да салаларда жүзеге асыруда. Қатысушыларға жобадан ақылы түрде пайда түспейтін болғандықтан, оларға алты ай көлемінде шәкіртақы беріледі. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмек ретінде шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер ақысыз ұсынылады. Студенттер мен жоғары білімді азаматтарға - 60 мың теңге, қалғандарына – 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі», - дейді Айжан Аралбекова.