деп хабарлайды ҚазАқпарат sport.gazeta.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс алдында Оңтүстік Корея сайысшыларының дене қызуы тексеріліп, қызудың белгіленген нормадан артық екендігі анықталған. Спортшыларды аурханаға жеткізгеннен кейін олардан H1N1 вирусын жұқтырғаны белгілі болған.
Бұл чемпионатқа қазақстандық спортшылар да қатысып, бақ сынады. Олар біріншіліктен 14 медаль жеңіп алды. Дегенмен, спортшылар елге тұмауратып, дене қызуымен келген. Семсерлесу спортынан жастардың аға жаттықтырушысы Елдар Әлімжанов қауіпті ауруға қатысты барлық күдікті сейілтіп отыр.
«Күн сайын жарыс басталар алдында барлық спортшылардың дене қызуын бірнеше секундта анықтайтын арнайы градусникпен тексеріліп отырды. Біз Сингапурдан ұшып келгеннен кейін, Алматы әуежайында 4 сағат болып, доңыз тұмауынан арнайы тексеруден өттік. Себебі біз тұмауратып келген болатынбыз. Оған себеп, Сингапурдың ауа-райы өте ыстық, әрі моншада жүргендей боласың. Ал сайыс өтетін залда кондиционерлер істеп тұрды, осындай ыстық-суықтан біз тұмауратып қалдық. Доңыз тұмауын жұқтырмағанымыз анық және оны тасушы емеспіз. Алаңдаушылық білдіруге еш негіз жоқ», дейді жаттықтырушы.