Жас суретшілер Павлодардағы жер асты жолдарын әдемі суреттерге толтырды

None
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының орталығындағы жер асты жолы балалардың сурет галереясына айналды. №2 сурет мектебінің оқушылары жер асты жолының жүздеген шаршы метріне өздерінің өнерлерін қалдыруға кірісті.

Сұр түсті жер асты жолдарының қабырғалары әдемі күн сәулелеріне боялып, гүлге келіп отырған көбелектермен сәнделген, жан-жануарлардың да түрін-түрін көре аласыз.

«Қалалықтардың суретке боялған жер асты жолымен жүруге ынтасы оянып, жолдағы апат салдары азаяды деп үміттенеміз», - дейді мектеп директорының орынбасары Александр Балин.