Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватиядағы турнирдің финалисі атанды

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Хорватияның Врсар қаласында ITF Juniors J300 сериясы бойынша жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чехиялық Мартин Дошкошилмен бірге жұптық сында табысты өнер көрсетті.

Қазақстандық-чехиялық дуэт финалға дейін жетіп, тек соңғы бәсекеде ғана хорватиялық Максимович – сербиялық Маркоринаға жол берді – 2:6, 3:6. 

Сөйтіп З.Нұрланұлы аталмыш жарыстың финалисі атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың ITF турнирлерінде биылғы бесінші титулына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.