АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Даниал Рахматуллаев Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында мәресіне жеткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Ақтау теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Бір қызығы, Даниал барлық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен қақырата жеңді.
Бұл – Д. Рахматуллаевтың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын осындай жарыста жеңімпаз атанған еді.
Тағы бір қазақстандық Жақас Қозыбақ жұптық сында үздік шықты. Ол ресейлік Дмитрий Буртцевпен бірге тартысты өткен соңғы бәсекеде қазақстандық Заңғар Нұрланұлы – ирандық Криш Тиаджиді 7:6 (7:3), 3:6, 10:8 есебімен тізе бүктірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз. Спортшының келесі қарсыласы белгілі болды.
Сондай-ақ, қазақстандық жас теннисшілер Тегерандағы доданың финалына өтті.
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).