Әділқазыларға әскери әншілер, фольклорлық шығармаларды орындаушылар, вокальді-аспапты топтар өз таланттарын бағалатпақ.
Қатысушыларға, оның ішінде алғаш рет қатысушы әскери оқу орындарының тәрбиеленушілеріне, әскери-патриоттық клубтарға, жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына Қазақстан композиторларының туындыларымен қатар өз шығармаларын, фольклорлық жанрдағы шығармаларды орындау ұсынылады.
І-ші әскери-патриоттық форумға әзірлік шеңберінде өткізілген қорытынды кезеңнен кейін фестиваль лауреаттарының гала-концерті ағымдағы жылдың 17 қазанында Астанадағы Конгресс-холда өтеді.
Айта кетейік, «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Шара мақсаты - жасөспірімдерге, әскерге шақырылушыларға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери әндерді орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылық өсуіне қолдау көрсету.