«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі өтуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскерлерде танымал және жүректен орын тапқан жыл сайынғы «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі өтіп жатыр, деп жазады khabar.kz.

Фестивальдің гала-концерті ағымдағы жылдың қазан айының соңында өтеді. Фестиваль қатысушылары үш аталым бойынша бақ сынайды. Олар: «вокалист орындаушылар», «фольклорлық орындаушылар», «вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар». Жеңімпаздарға фестивальдің бағалы жүлделері, дипломдар мен Гран-при табысталады.

Шешуші гала-концертте фестивальдің лауреаттары мен құрметті қонақтар өнерлерін паш етеді. Жыл сайын фестиваль 4 айналымда өткізіледі: 1 айналым - рота-батальон буынында, ІІ айналым - батальон-бригада буынында, ІІІ айналым - ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарында, әскер тектері мен түрлерінде өтеді.

Байқау шарттары мыналар: әскери тақырыптағы, қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың шығармасын, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, фольклорлық жанрдағы туындыны орындау.

«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бастап өткізіліп келеді.