«Жас ұлан» курсанттары Жаңа жылды жаңа мектепте мерекеледі

None
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың қарсаңында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері үшін жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашқан жаңа мектеп қабырғасында мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрілігінң баспасөз қызметі хабарлайды.

Салтанатты шара министрдің бірінші орынбасары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақовтың құттықтау сөзімен басталды. Ол болашақ Отан қорғаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, олардың жаңа жылда жаңа парталарға отыратындарын, «бұл ең тамаша сыйлық» екендігін атап өтті.

ҚР Қорғаныс министрілігінде атап көрсеткендей, болашақ әскери қызметкерлер жаңа жылдық сыйлықтарды салтанатты жағдайда алды. Мереке қонақтары мен салтанат иелері Аяз Атамен және Ақшақармен бірге мерекелік шыршаны жақты.

Қорғаныс ведомствосы басшысының бірінші орыннбасары С.Жасұзақов осындағы ұландардың аға ұрпақ іздерімен жүріп, халық қадірлеп-құрметтейтін Отан қорғаушысы мамандығын таңдайтынына сенімін білдірді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.