«Жас ұлан» мектебі болашақ ел қорғандарын қабылдауды бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында «Жас ұлан» республикалық әскери мектебіне оқуға қабылдау жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Әскери мектепкежалпы білім беру мектебін бітірген 9-сынып түлектері мен 15 жасқа толған (бұлжастан кем болмауы тиіс) жасөспірімдер іріктелініп алынады. Алайда болашақәскери қатарға қосылушылар бірнеше кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуітиіс. Іріктеу кезеңнің басты шарты – арнайы құжаттарды тапсыру, сондай-ақбозбалалар психологиялық, дене даярлығы және медициналық куәландыру бойыншатест тапсырады», делінген хабарламада.

Барлық кезеңненөткен талапкер соңғы шешуші кезеңге жолдама алады. Қабылдау комиссиясы аталғанүш кезеңнің нәтижесі мен орта мектептібітіруді растаушы құжат бойынша жалпы ұпайды санайды. Бұдан жас ұланның оқуғатүсуі шешіледі. Қабылдау комиссиясы 21 тамызға дейін жұмыс істейді. Келесі күніресми түрде болашақ білім ошағына қабылданушы үміткерлердің қатары анықталатынболады.

Нұр-сұлтандағықабылдау комиссиясының мәліметінше, елордалық әскери мектепке Қазақстанныңтүкпір-түкпірінен келген 420-дан астам жасөспірім құжаттарын тапсырған. Биылғыжылы конкурстық іріктеуде бір орынға 3 үміткер талаптанып отыр.

Қабылдаукомиссиясы жұмысы аяқталған соң, әскери мектепке қабылдау 22 тамыз күні мектепбасшысының бұйрығымен бекітіледі.

Айта кетерлігі, «Жасұлан» республикалық мектебі – жалпы орта білім беру бағдарламалары бойыншамемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытатын, сондай-ақдене шынықтыруды даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны.

Бүгінгі таңда «Жас ұлан»мектебінің көптеген бітірушілері Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия жәнеГермания жоғары әскери оқу орындарына түсіп, еліміздің Қарулы күштері немесеөзге елдердің әлеуетті құрылымдарында қызмет атқаруда.

Соңғы жаңалықтар