Ұшулар барысында мектеп тәрбиеленушілері ТЛ - 2000 ұшағында алғашқы ұшу даярлығы бағдарламасы бойынша емтихандық ұшулар тапсырады. Курсанттардың дайындығына бас директор Ризабек Әжекенов, авиациялық қызмет және авиациялық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Құбат Қадыралиев, ұшулар жетекшісі Жанат Ахметов, сондай-ақ авиациялық орталықтың ұшу және инженерлік-техникалық құрамы қатысуда. «Мектеп тәрбиеленушілері екі ай бойы 30 сағат ұшуды орындады. Дайындық деңгейі бойынша олар қазірдің өзінде азаматтық жүйедегі жеңіл авиация ұшқыштарына сәйкес келеді», - деп атап өтті авиациялық оқу орталығының бас директоры Ризабек Әжекенов.
Оқу-жаттығулардың нәтижесі бойынша түлектерге тиісті сертификаттар тапсырылады.