Жас жеткіншек Харам мешітінде уағыз айтып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иорданиялық жас жеткіншек Мекке шаһарындағы Харам мешітінде уағыз айтып, тыңдаған жұрттың риазшылығын туғызды, деп хабарлады www.muslim.kz сайты.

Иса аш-Шария есімді бұл балақай кенеттен орындық үстіне шығып, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қоштасу құтбасын оқи бастаған. Жас имамды тыңдауға Харам мешітіндегі қалың көпшілік бірден жиналған.

Олар жас имамның шешендік шеберлігіне риза болып, жоғары бағалауларын білдірген. Бұған қоса, Иса аш-Шарифтың бұл уағызы әлеуметтік желілерге жүктеліп, аз уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап үлгерген.