Жас жігіт интернетке тәуелділігінен арылу үшін қолын кесіп тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Цзянсу провинциясында интернетке құмарлығы үшін жас жігіт сол қолын кесіп тастаған. «Кішкентай Ванг» есімімен танымал жасөспірім қолының жоқтығы оны интернетке тәуелділіктен арылтады деп шешкен, деп жазады Metro.

19 жастағы «веб-тәуелді» жігіт анасына жазба қалдырып, асхана пышағын алып көшеге шығып кетеді. «Апа мен біршама уақыт ауруханада боламын», - деп жазған.

Ол сол қолын кесіп тастап, жерге лақтырып жіберген. Артынша такси шақырып, ауруханаға жеткен. Дәрігерлер полиция тауып әкелген баланың кесілген қолын қайтадан жалғап берген. Алайда дәрігерлер оның қолы ойдағыдай жұмыс істеп кететініне кепілдік бермепті.