Риддер қаласында 19 жастағы жігіттің өлімімен аяқталған көлік апатына қатысы бар шенеуніктердің ісі Әдеп кеңесінде қаралған болатын. Кеңес шешімі бойынша Риддер қаласы əкімінің орынбасары Б. Құрманбаев қызметінен босатылды. Ал Өскемен қаласының əкімі Қуат Тұмабаевқа кеңестің 5 және 7 пункттеріне сәйкес моральдық, этикалық тұрғыда қызметіне толық сай емес деген ескерту берілді.
17:46, 31 Мамыр 2018
Жас жігітті қағып өлтіру оқиғасы: Әдеп кеңесі Өскемен әкімін қызметіне толық сай емес деп таныды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің Əдеп кеңесі Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевты қызметіне толық сай емес деп танып, ескерту беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.