Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, той көйлегін киген қалыңдық - Әсем Ақмырзамен күйеу жігіт - Жасұлан Санаевпен бірге кезекке тұрып, өз дауыстарын берген. Олар сайлау күні отбасын құрғандарына ерекше қуанышты.
Әсем Ақмырза мен Жасұлан Санаевтың айтуынша, бұл күннің олар үшін орны ерекше. «Жас отбасы ретінде еліміздің болашағы үшін дауыс бергенімізге қуаныштымыз», - дейді жас жұбайлар.