Жас журналистердің биылғы медиафестивалі Жолдауды насихаттауға арналып отыр

СТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бақытты жұлдыздың астында!» атты жас журналистердің VI медиафестивалінің ашылу салтанаты болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың ақпараттық кеңістігі: кәсіпқойлық, шығармашылық, ресурстар» тақырыбында ұйымдастырылып отырған биылғы фестивальдың негізгі мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын жан-жақты насихаттау. Фестиваль аясында кәсіби мамандар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас журналистерге шеберлік сыныптарын өткізеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдарының одағы және «Нұр Отан» ХДП-сы.