Баспасөз қызметінің хабарлауынша өңірде қыркүйектің 13-і мен 18-і аралығында «Іздестіру» іс-шарасын жүзеге асыру барысында күдікті шет ел азаматына тексеру жүргізілген. Соған сәйкес оның жылдар бойы іздеуде жүргендігі анықталды. Черкасский облысының тумасы 1993 жылы адам зорлап, қылмыстық әрекетін жасырып, ізін суытып кеткен. Енді міне, уақыт өтсе де қылмыскер заң алдында жауап беретін болады.
Жалпы, айтулы іс-шара барысында өңірде 19 қылмыскер құрықталып, тұрақты мекенжайы жоқ 13 адам анықталды. Қазір бұл істер бойынша тергеу амалдары жалғастырылуда.