Жасанды интеллект көмегімен жасалған икона қасиетті деп танылды

АСТАНА. KAZINFORM — Беларусьте жасанды интеллект көмегімен жасалған иконаға қасиетті рәсім жасалды. Рәсім 11 қазанда Новолукомль қаласындағы Әулие Мария Магдалина шіркеуінде өтті. Бұл — елдегі және әлемдегі Католик шіркеуі үшін әзірге ерекше саналатын қасиетті Карло Акутистің бейнесі, деп хабарлайды Kazinform Католик шіркеуінің порталына сілтеме жасап.

Фото: БелТА

Жаңа иконаға архиепископ-эмерит Тадеуш Кондрусевич бата берді. Бұл туралы ксендз Николай Липский месса кезінде жүргізілген онлайн-трансляция барысында хабарлады.
Әулиенің бейнесі бүйірдегі құрбандық үстелінің жанына орналастырылды. Ол Әулие Мария Магдалина иконасының пердесі ретінде пайдаланылмақ.

Липскийдің айтуынша, бұл екі бейне христиандықтың алғашқы ғасырларындағы Інжіл тарихын қазіргі цифрлық қоғамның қажеттіліктерімен байланыстырады.

Карло Акутисті «кибер-апостол», интернет пен жастардың қамқоршысы деп атайды. Ол католик дінін тарату үшін интернетті пайдаланып, евхаристиялық ғажайыптардың онлайн-каталогын жасаған. Акутис 2006 жылы 15 жасында лейкоздан қайтыс болды. Ол 2025 жылы канонизацияланып, әулиелер қатарына қосылды.

Бұл бастама діндарлар арасында әртүрлі пікір туғызды. Әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар ЖИ жасаған бейнені икона деп санауға және оның алдында мінәжат етуге болатынына күмән келтірді.

Айта кетейік, СҚО-ға келген католиктер қазақ бейнесіндегі иконаға мінәжат етеді.