Оның айтуынша, қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, сондықтан оған қатысы барлар мен деректерге қалай қол жеткізілгені туралы мәліметтер әлі ашылмаған.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жеке деректерді заңсыз жинау көп жағдайда фишингтік сілтемелер, алаяқтардың қоңырау шалуы және пайдаланушы деректерін жинайтын QR кодтары арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұдан басқа, ақпараттың жиналуы жеке ақпараттық жүйелерде, соның ішінде микроқаржы ұйымдарында тіркелген.
Сонымен қатар ол қазіргі уақытта ведомство жеке деректерді қорғау талаптарын күшейту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
— Қазір ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін, соның ішінде жеке деректерге қатысты заңсыз әрекеттер үшін жазаны қатайту бойынша қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Бұл тұрғыда қомақты сомадағы айыппұл кіреді. Сондай-ақ жеке деректердің таралуына тосқауыл қоймағаны үшін қылмыстық жазаға дейін жауапкершілікті күшейтуді қарастырып жатырмыз, — деді Р. Коняшкин.
Айта кетейік, биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.