Министр Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында ведомствоны қайта атауға ешқандай шығын кетпегенін мәлім етті.
— Штат саны көбейтілген жоқ. Керісінше қысқарып жатыр. Өйткені кейбір функциялар басқа министрліктерге беріледі. Инновация тарту функциясы, мысалы. Сондықтан бұл жерде айтарлықтай шығын болған жоқ, — деді ол.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қыркүйекте мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы құжатқа қол қойды.