АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді дамыту үшін Назарбаев Университеті «Ұлттық ақпараттық технологиялармен» бірігіп қазақ тілінде үлкен тілдік модель KazLLM әзірлейді. Бұл модель 100 млрд токенге негізделетін болады.
«Модельдің сапасын жақсарту үшін қазақ тіліндегі деректерді жинау өте маңызды. Осы мақсатта, ұлттық деректер жинау науқаны Hugging Face платформасында жүргізіледі», - деді Жасанды интеллект комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қазіргі уақытта ашық көздерден 30 млрд токен жиналды.
«KazLLM-нің алғашқы нұсқасы осы жылдың желтоқсанында ұсынылады», - деді спикер.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)