Жасанды интеллект жаппай жұмыссыздыққа алып келмейді – Цифрлық министрлігі

Фото: Фото: ОКҚ

АСТАНА. KAZINFORM — Күн сайын жасанды интеллект өмірімізге кеңінен еніп барады, қазір адам жасай алмайтын дүниені жасанды интеллект жасап жатыр. Осы орайда еңбек нарығына кең тарап, арты жұмыссыздыққа алып келмей ме?

Бұл сауалға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов жауап берді.

— Біз жасанды интеллект еңбек нарығын өзгертеді дегенмен келісеміз, бірақ бұл жаппай жұмыссыздық болады дегенді білдірмейді. Біздің ойымызша, жұмыс орындары жойылмайды, керісінше, мамандықтар трансформацияланады, — деді Ғиззат Байтұрсынов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кез келген жаңа технология сияқты, жасанды интеллекті де жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.

— Біздің басты міндет — адамдарды жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларына қайта оқыту. Дәл осы мақсатта біз Astana Hub-пен бірлесіп білім беру бағдарламаларын іске қосып жатырмыз. Алдағы 5 жылда кемінде 1 миллион адамды оқытуды көздеп отырмыз, — дейді министрлік өкілі.

Бұған дейін елімізде оқушыдан мемлекеттік қызметшіге дейін жасанды интеллектіні меңгеретінін және оның маңызы туралы жазған едік

Айта кетейік, алдағы бес жылда 1 млн-ға жуық қазақстандық жасанды интеллектіні меңгереді

Сондай-ақ Қазақстан Chat GPT секілді өз жасанды интеллектін жасап шығармақ. Ақылды жүйе KazLLM деп аталады. 

Еске салсақ, Президент жанындағы жасанды интеллект жөнінде кеңестің құрамында кімдер болатынын хабарлаған болатынбыз

Одан бөлек, жасанды интеллектінің көмегімен қиын жағдайдағы отбасын қолдау тетігі енгізілмек