Жасанды аралдағы Лондонның жаңа әуежайының дизайны ұсынылды

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Темза өзенінде жасанды арал салынып, оған жаңа әуежай орналасатын болады, деп хабарлады www.infuture.ru.

Кейде табыстың соңынан проблемалар да ілесіп жүретіні белгілі. Лондон әуежайлары жолаушылар нарығының басым бөлігін өзіне қаратқанымен, олардың шамадан тыс жүктемелердің пайда болуы, ұшыру-қондыру жолақтарының жетіспеуі сияқты мәселелер туындады. Өткен аптада Testrad консоорциумы бұл проблеманы оңтайлы шешудің жолын ұсынды. Онда Темза өзенінің сағасында жасанды арал салып, онда астананы қамтамасыз ететін үлкен әуежай (London Britannia Airport) тұрғызу өзделген, ол қазіргі Хитроу әуежайын алмастыратын болады.

Жобаға сәйкес London Britannia Airport-та алты ұшыру-қондыру жолақтары, жергілікті және халықаралық желілер үшін паром терминалы, теміржол тармағы болмақ. Әуежайдың ішінде көпфункциональді терминал мен конференц-залдар, мұражай және дүкендер көзделген.

London Britannia Airport Еуропамен, битритандық аймақтар қалаларымен және Лондонның өзімен жақсы байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мұнда 200 000 жұмыс орны ашылады, бұл шығыс Лондонның экономикалық өсіміне елеулі әсер етеді.

Құрылыс жеті жылға созылмақ, және 47 млрд. фунт стерлингке (75 млрд.доллар) түседі. Жоба авторлары әуежайдың орналасуы, ондағы ұшақтардың шуылы Лондон тұрғындарына кедергі келтірмейді деген сенімде. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға да айрықша мән беріледі.

Ал Хитроу болса, жабылып, мұнда 300 мың адамға арналған тұрғын үйлер алабы салынбақ, заманауи өнеркәсіп кешендері бой көтермек.