Жасанды интеллект пілдерді жойылудан құтқарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Африка пілдерін жойылудан құтқару үшін жасанды интеллект іске қосылады. Ұлыбритания және Нидерланды елдерінің зерттеушілер тобы жануарлар мен жайылым іздеудің арнайы алгоритмін құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Арнайы бағдарлама жергілікті жердің спутниктен түсірілген суреттерді талдап, пілдердің тіршілігі үшін ең қолайлы аумақтарды анықтайды. Бұдан басқа, ол жануарларды санауға көмектеседі. Үлкен аумақтардың суреттері қысқа уақыт аралығында жасалатындықтан, бұл жануарларды екі рет санау қаупін азайтады. Бұдан басқа, бұл технология адамдарды қауіптен аман сақтап, жануарларды көп мазаламауға мүмкіндік беріп отыр, деп баяндады алгоритмді құрушылар.

Бата университетінің қызметкері Ольга Исупованың айтуынша, жаңа әдіс заңсыз аң аулауды қадағалауға көмектесуі тиіс.

«Жануарлар есебі – табиғатты қорғау проблемалары, соның ішінде браконьерлікпен күрес жүргізудің әдістерінің маңызды құрамдасы. Қазіргі кезде біз браконьер оқиғаларын тіркеу үшін өлтірілген жануарлардың қалдықтарын анықтау сияқты қосымша мүмкіндіктерді зерттеп отырмыз, бірақ бұл жоба әлі бастапқы кезеңде тұр», - деді ол.