Жасанды құрылғылар кеңсе қызметкерлерін ауыстыруы мүмкін

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі өмірді заманауи техникалық құралдар мен күннен күнге дамып келе жатқан ақылды роботтарсыз елестету қиын. Ғалымдардың көпшілігі қолдан жасалған ақыл-ойы бар құрылғылардың жақын арада кеңсе қызметкерлерінің басым бөлігін ауыстыруы мүмкін деген ойда. Олардың пайымдауынша, ол төрт-бес жылдан кейін орын алады, деп хабарлады utro.ru.

«Бұл енді шындыққа айналды, кеңседегілердің басым бөлігі бұл қызметтерінде қалмайды. Жасанды интеллектісі бар заманауи құрылғылар адам сияқты ойлап, үйренуге қабілетті», - дейді Британия компанияларының бірінің бас директоры Эндрю Андерсон.

Қазіргі таңда барлық құжатты оқып, оның мазмұнын түсінетін жасанды ақылды құрылғылар жетерлік.