«Жасыл ел» еңбек жасағына 1200 атыраулық жас қызығушылық танытты

Фото: «Жасыл ел» ЖЕЖ

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 21-маусымы басталды. Оған жергілікті жастардан 1200 өтініш түскен.

Атырау облыстық кшкі саясат басқармасының бас маманы Самал Сатханқызының айтуынша, аталған жоба аясында 1 мың жас жұмыспен қамтылады. 

— Қазір жастар жасағына қабылдану үшін онлайн тіркеу жалғасып жатыр. Аудандар әкімдіктері ұсынған квота негізінде жұмыс орындары бөлінеді. Бірінші кезекте жұмыссыздар мен шалғай ауылдық округтердегі жастар қамтылады. Жастарға төленетін ең төменгі жалақының мөлшері — 85 мың теңге. Жұмысқа алынған жастар үшін экологиялық, мәдени, танымдық бағыттағы іс-шаралар қолға алынады, - дейді Самал Сатханқызы. 

Оның мәліметіне сүйенсек, «Жасыл ел» еңбек жасағына 2023 жылы 1756 жас тартылған. Ал, былтыр 1 жас аталған жоба аясында жұмыс істеген. 

— Өткен жылы Жылыой ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағы алғаш рет құрылыс саласында жұмыс істеді. Бұл тәжірибе биылғы маусымда да жалғасын табады, - деп мәлім етті Самал Сатханқызы. 

Биыл бұл жобаны «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады. Бірлестік төрағасы Заманбек Құрақбайдың дерегінше, жастарға мотивация беру үшін арнайы сыйлықтар мен онлайн курстарға қатысу сертификатын қарастырылып отыр. 

— Жастардың тарапынан жобаға қызығушылық жоғары болып отыр. Қазірдің өзінде 1 мыңнан астам өтініш қабылданды. Мұны жастардың еңбек етуге, елді көркейтуге үлес қосуға деген ынтасы дей аламыз, - дейді Заманбек Құрақбай. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын экологиясы нашар Атырау облысындағы жасыл желек өсіру жайын жазған едік.