Жасына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін қашан рәсімдеу қажет

Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

АСТАНА. KAZINFORM – ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан төлемдер бір мезгілде рәсімделеді. 

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері ерлерге — 63 жастан бастап, әйелдерге — 61 жастан бастап тағайындалады.

— Егер сіз зейнеткерлік жасқа жетсеңіз және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарыңыз болса, зейнетақы төлемдерін уақытылы алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жүгінуге болады, — делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Бұл жағдайда төлемдер зейнеткерлік жасқа жеткен күннен бастап тағайындалады.

Егер кеш жүгінсеңіз, өткізіп алған кезең үшін төлемдер жүргізілмейді.

— ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан төлемдер бір мезгілде рәсімделеді. Сондықтан зейнетақы төлемдерін уақытында рәсімдеуге кеңес береміз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік зейнеткерлерге пойыздарға 25% жеңілдік берілген еді