— Елімізде IT-компаниялардың саны жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты инфрақұрылым мен кеңістікке деген қажеттілік те жоғарылап отыр. Келесі кезең — ЭКСПО аумағын халықаралық цифрлық шешімдер орталығына айналдыру. Ол өз кезегінде экспоненциалды кластердің өзегіне айналмақ, — деді Мәдиев.
Спикердің айтуынша, Қазақстанда криптоэкожүйені дамыту мен венчурлық қаржыландыруды кеңейту тұрақты экономикалық өсімнің жаңа драйверіне айналуы ықтимал.
Бұған дейін әр маман негізгі кәсібімен қатар цифрлық дағдыларды жетік меңгеруі керек екенін жазғанбыз.