АСТАНА. KAZINFORM — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевке Мәжіліс отырысынан кейін ведомство басшылығына келуіне байланысты сұрақ қойылды.
«Бізде министрлердің кандидатурасын Мәжіліс бекітеді. Сіздің қайын атаңыз сіздің кандидатураңызға дауыс берген депутаттардың тізімінде болды ма?» — деп сұрады журналист.
Министрдің айтуынша, Дүйсенбай Тұрғанов — оның кандидатурасын дауысқа салған комитеттің мүшесі емес.
«Бұл комитетте ол болған жоқ», — деді Жаслан Мәдиев.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.