Жасөсіпірімдер арасында ІІІ Еуразия ойындарында Қазақстан құрамасы көш бастап келе жатыр

АЛМАТЫ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдері жасөспірімдерінің ІІІ Еуразия ойындары өтіп жатыр.

17 қыркүйек күнгі есеп бойынша қазақстандықтардың қоржынында 14 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль бар. Ресейліктер 14 алтын, 9 күміс, 6 күміспен екінші орында келе жатыр. Беларусь құрамасында 1 алтын, 2 күміс, 4 қола, ал Тәжікстан құрамасында 2 күміс, 3 қола бар. Қазақстан құрамасы командалық сында велоспорт бойынша шосседегі жарыс пен спорттық гимнастикада үздік шықты. Ал жекелей сында көпсайыстан Аким Мұсаев, ауыр атлетикадан Альберт Линдер (69 кг), грек-рим күресінен Алихан Ашмахан (35 кг), Ернұр Фидахметов (50 кг), Райымбек Құрманали (58 кг), таэквондодан Артур Ким (48 кг), Аяулым Сұлтанбаева (52 кг), Сұлтан Қалибекұлы (73 кг), Еркебұлан Абылхас (78 кг), дзюдодан Адия Саин (40 кг), Ескендір Юсбеков (55 кг), Бауыржан Жауынтаев (60 кг) топ жарды.