НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бокстан жасөспірім қыздар командасына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Бокс федерациясынан мәлім еткендей, енді жасөспірім боксшы қыздар құрамасын Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елдос Сайдалин жаттықтырады.
34 жастағы Е. Сайдалин АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Делавэр университеті бірлесіп дайындаған Халықаралық олимпиадалық комитеттің халықаралық бағдарламасы бойынша арнайы курсты тәмамдаған.
Ол 2004 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалисі және 2004-2005 жылдары ел біріншілігінің жеңімпазы атанған.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.