Жасөспірім қыз тереңдігі 15 метр құдыққа құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фусинь (Қытай) қалалық округінде 11 жастағы қыз тереңдігі 15 метрлік құдыққа түсіп кетті. Баланы алып шығуға жергілікті құтқарушылар командасы жәрдемдесті.

 Құтқару шаралары түсірілген видеожазба  «Синьхуа» агенттігінің Twitter-дегі парақшасында 20 маусымда жарияланды.  

Белгісіз жасөспірімнің денсаулық жағдайы туралы әзірге хабарланбай отыр.