Жасөспірім қыздар арасындағы футболдан 2012 жылғы Әлем чемпионаты Өзбекстанда өтетін болады

ТАШКЕНТ. 4 наурыз. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - жасөспірім қыздар командалары арасындағы футболдан Әлем чемпионаты (20 жасқа дейінгі) Өзбекстанда өтетін болады.

Бұл туралы ФИФА Атқарушы комитетінің Ташкентте 3 наурыз күні өткен баспасөз конференциясы барысында мәлім болды.

Өзбекстан Футбол федерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Өзбекстаннан басқа бұл жарысты өткізуге Жаңа Зеландия өзін ұсынған.

«Өзбекстандағы қыздар футболы қарқынды дамып келеді және де бүгін 2012 жылғы 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы футболдан әлем чемпионаты осы елде өтетін қуана хабарлаймыз», - деді ФИФА президенті Йозеф Блаттер.