Бұл оқиға жөнінде журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұл республика аумағында орын алып отырған жалғыз қылмыс емес. Мысалы, Батыс Қазақстан облыстық Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдерді Орал қаласының сауналарында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 4 адамнан құралған қылмыстық топты қолға түсірсе, Көкшетауда 20 жасар қызды осы мақсатқа пайдаланып, ақша табу үшін ұрлаған азамат ұсталған.