Жасөспірім мұғалімге марихуана қосылған кекс ұсынғаны үшін жауапқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жасөспірім мұғаліміне құрамында марихуана болған кексті ұсынғаны үшін сот алдында жауап беруде, деп хабарлады "Газета.Ru".

Мэриленд штатының 17 жастағы тұрғыны мұғалімінің өтініші бойынша оған бір тілім кексті ұсынған. Алайда оның құрамында есірткі заты болғанын ескертпеген. Оны жеген оқытушы үрейді сезіп, түсініксіз жағдайда болғандықтан дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған.

Педагог полицияға барған. Оқушыға есірткі затын сақтады және адамды қауіпті жағдайда қалдырды деген айып тағылды.