Тергеу орындарының болжамына қарағанда, жаттықтырушының қасында болған 16 жастағы жасөспірім тапанша оқталмаған деп есептеп, қаруды оған қарай кезенген де шүріппені басып қалған. Басынан жараланған 25 жастағы жаттықтырушы ауруханаға барар жолда көз жұмды.
16:29, 15 Маусым 2014
Жасөспірім жаттықтырушыны атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемерово қаласындағы нысана көздеу клубында жасөспірім жаттықтырушыны атты. Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Утро.ру.