Жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионатының финалына қазақстандық 2 боксшы шықты

ТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионатының финалына қазақстандық 2 боксшы шықты, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Федерацияның ақпараты бойынша, 54 келіде өнер көрсететін Бекжан Қибатқалиев финалда венгриялық Херцег Норбертпен қолғап түйістіреді. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ақтық мәреге жолдама алған тағы бір еліміздің былғары қолғап шебері Дидар Төлегеннің қарсыласы өзбекстандық Ойбек Шарипов болмақ.

Сонымен қатар Аян Қалыбеков (60 келі), Дәуітбек Қайыргелді (63 келі), Асқар Дүйсәлі (75 келі) қол жүлдеге ие болды.

Бүгін аяқталатын жарысқа әлемнің 50 елінен 500-ге тарта былғары қолғап шебері қатысты.

Айта кетейік, 2009 жылы алғаш рет ұйымдастырылған әлем чемпионатына 47 елден 283 былғары қолғап шебері қатысқан болатын. Қазақстан сол чемпионатта 3 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 9-орынға табан тіреген еді.