Жасөспірімдер арасында құзға өрмелеуден әлем чемпионы Альпіде қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Француз альпинисі Люси Дуади Альпіде құздан құлап, 16 жасында қаза тапты. Бұл туралы Paris Match басылымы хабарлайды.

Қайғылы оқиға Францияның Кроль коммунасында болған. Дуади 150 метр биіктікте құзға шығудың екі секторының арасында аяғы тайып, құлап кеткен.

Ол 2019 жылы құзға өрмелеуден жасөспірімдер чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Кейінірек француз қызы ересектер арасында боулдерингтен әлем чемпионатында алтыншы орын иеленді. Дуади Токиодағы Олимпиада ойындарына іріктеу сынынан өте алмады.