АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Темпл университеті ғалымдары жастар арасындағы күйзеліс мәселесіне арнайы зерттеу жүргізіп, оған 382 жасөспірімді қатыстырды. Күйзеліс себебін анықтау үшін олардан 7 ай бойы тест сынақтары алынды. Зерттеу барысында ұлдарға қарағанда қыздардың уайым-қайғыға тез беріліп, оқшауланып қалатыны анықталды, деп жазады Science World Report.
Әсіресе, бойжеткендер қыздар арасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болмағанынан зардап шегеді екен.
«Күйзеліс - депрессияға апаратын жол. Ата-аналар мен ұстаздар бұл мәселеде қыздардың әлсіз екен біліп, егер баласынан ондай көңіл-күйді байқай қалған жағдай болса, онымен жұмысты дереу қолға алау керек. Сол кезде олар бірлесіп, оны жеңе алады», - дейді зерттеуші Джессика Гамильтон.