Онда Дмитрий Зиско ( 80 кг) мен Қадырбек Сәдірбек (70 кг), ресейлік Рустам Ибрайхалиев пен Владимир Харченко, Бауыржан Темірхан (52 кг) мен Серік Теміржанов (48 кг), американдық Шакур Стевенсон мен Даниел Гонзалез, Стоян Мазур (50 кг) мен Әлімжан Бескемпір (46 кг), кубалық Майкел Барреро мен Жохнис Перез, Рахат Маржықпаев (66 келі) пен өзбекстандық Елдар Мержанов, Абылайхан Жүсіпов (57 келі) пен түркиялық Онур Арслан күш сынсады.
7 қыркүйек күні басталған бұл дүбірлі додада кеше Жұмагелді Раеев (75 кг) Украина, Бекнұр Құлан (60 кг) Молдова, Тимур Ержанов (80 кг) Ресей боксшыларына есе жіберген еді. Жалпы жексенбі күні аяқталатын бұл бәсекеге 52 елден 351 боксшы қатысқан болатын. Олардың ішінен тек Әзірбайжан, АҚШ, Белорус, Венгрия, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Украина елдері 13 салмақ дәрежесі бойынша толық құрамын қосқан болатын. Жартылай финалға ресейліктердің - 10, қазақстандықтардың - 8, украиндықтардың - 5 боксшысы шығып отыр.