Жасөспірімдер балық аулау кезінде қаза тапты - Жамбыл облысы

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Пригородный кенті маңындағы Тятюшка өзенінің жағасынан ауыл тұрғындары екі жасөспірімнің өлі денесін тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сәкен Әшімәлиевтің айтуынша, 15 жасар балықшылар сымның бір ұшын жоғары кернеулі желіге іліп, екінші ұшын суға салған. Осындай браконьерлік әдіспен олар балық ауламақ болған. Осы ауданның Жалпақтөбе ауылында тұратын екі оқушы да қайғылы оқиғаның салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазір тексеру амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Статистика бойынша, соңғы бірнеше жылда Жамбыл облысында балық аулаудың осындай әдісінен бірнеше ересек адам өз өмірмен қоштасқан.