Жасөспірімдер құрамасы жүлделі орындардан тыс қалды
18:15, 09 Ақпан 2009
ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ресейдің Киров қаласында допты хоккейден жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік доданың финалында Ресей мен Швеция құрамалары кездесіп, ресейліктер 8:6 есебімен жеңіске жетті. Қола жүлде үшін болған бәсекеде финдер норвегтерді 8:2 есебімен күйрете ұтты. Өкінішке қарай, оралдық жас хоккейшілер жүлделі орыннан тыс қалды.