Оқиға жексенбі күні Амасонас аймағына кіретін Чачапояс қаласының маңында болған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жүргізушісі рульге ие бола алмай, автобус шыңырауға құлаған.
«7 жасөспірім қаза болды. Туыстары мүрделерін таныды», - деп мәлімдеді министр.
«Зардап шеккен 11 адамның оны - 13-14 жастағы балалар, сондай-ақ бір әйел жарақаттанған», - деп қосты Пессах. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.