Биыл сол олимпиадаға іріктеу жылы. Қазір Қазақстан спортшылары бұл олимпиадаға лицензия таратар жарыстарға қатысуды бастап кетті.
Бүгінде Сингапурде көгал хоккейінен ұлдар арасында олимпиадаға іріктеу жарысы өтіп жатыр. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысуда.
Өкінішке орай, ұлдарымыз топтағы төрт кездесуде де жеңіліске ұшырап, жолдама алу жағдайын қиындатып алды. Жалпы, олимпиадаға тек бір жолдама ғана беріледі, деп хабарлайды «Аламан».