«Ең көп лицензияны төрт ел, атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Румыния және Мексика еншіледі. Жасөспірімдер олимпиадасы ойынынан жолдама ұтып алған елдердің тізімі Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайтында жарияланды. Ауыр атлетикадан өтетін жарыстарға 64 елден 110 спортшы қатысады», - делінген хабарламада.
Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, бұл байрақты бәсекеде еліміздің намысын 4 спортшы қорғайды.
Айта кетейік, Жасөспірімдер олимпиадасы ойыны 16-28 шілде күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтеді. Бұл спорттық шараға әлемнің 204 елінен 3808 спортшы қатысады. Олар спорттың 28 түрінен бақ сынайтын болады.