ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Бекарыс Сәдуақас ерлер арасында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, олимпиада чемпионы атанды.
Ал әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Маргарита Гриценко шешуші кездесуде неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күміс медальді місе тұтты.
Айта кетейік, Биылғы жасөспірімдер Олимпиадасында 58 қазақстандық спортшы спорттың 22 түрінен бақ сынап жатыр.
ФОТО: Сали Сабиров. ҚР ҰОК баспасөз қызметі